Жиреншин Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға


Жиреншин Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы, журналист, аудармашы, жазушы, абайтанушы -ғалым (1913).

Еңбекжолы

Әбіш бала кезінде молдадан арабша дәріс алады. Кейіннен баланың зеректігін байқаған ағасы Құлсүлеймен Семей қаласындағы орыс мектебіне береді. 1924 жылы 11 жастағы Әбіш орыс мектебіне түсіп,оны үздік бітіріп шығады. 1928 жылы Семей ауылшаруашылығы техникумына оқуға түседі. Қазақстанда басталып келе жатқан 1931-1932 жылғы аштық зобалаңның зардабын байқаған Әбіш өзінің әке-шеше, бауыр-қарындастарын алып Орта Азияға өтеді. Ауыр жол азабын көріп, 1933 жылдың басында Ташкентке жетеді. 1933 жылы Орта Азия геодезия тресінің орынбасары болады. Сол жылы Орта Азия университетіне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1936-1938 жылы Ташкентте ғылыми-педагогикалық жұмыста істейді.

1938-1942 жылы Қазақстан Халық комиссарлар советі Ә.Жиреншинді өз елі Қазақстанға қызметке шақырады. Бұл жылдары Республика ғылыми зерттеу коғамының Ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

1942 жылы өмірлік жары Сайда Әрхамқызымен танысып, шаңырақ құрады. 1942-1951 жылы Қазақстан Орталық музейінде директор, сонымен қатар Қазақ ССР Ғылым академиясының өлкетану комиссиясының меңгерушісі, Қазақ Мемлекеттік Университетінің доценті қызметтерін атқарды.

1951-1954 жылдар арасында қазақ интеллигенциясы, көрнекті ғалым жазушыларының бір тобы қудалауға ұшырайды. Тарих ғылымынын докторы және профессоры Е.Бекмаханов Кенесары Қасымовтың көтерілісін тарихқа енгізгені үшін айыпталады. Осы кезде оны жақтаған жалғыз ғалым осы Ә. Жиреншин еді. Сол үшін ол Жамбыл қаласына қуғындалады. Онда жүргенде техникумде сабақ береді.

1954 жылы ғана рұқсат болып Алматыға оралады. Осы жылы Алматыдағы Көпшілік кітапханаға директор болып тағайындалады. 1959-1961 жылы Қазақстан баспа бірлестігнің бас басқармасының I-орынбасары,1961- 1962 ж. кітап сауда бірлестігінің бастығы, 1962 жылдан бастап өмірінің соңына дейін педагогикалық жұмыспен Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында сабақ береді.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА