Жетітөбе (оба)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:10, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жетітөбе — ежелгі дәуірлерден Жамбыл облысы аумағында сақталған обалар тобының атауы. Бірінші тобы Жуалы ауданында орналасқан. Мұнда диаметрі 8 м-ден 100 м-ге дейін жететін, биіктігі 0,5 — 12 м 20 оба табылған. Екінші тобы Байзақ ауданында. 19 обаның диаметрі 5 — 37 м, биіктігі 0,2 — 4 м. Обалар тас және ұсақ қиыршық араластыра топырақтан тұрғызылған. Жетітөбе — 2 қорымынан көлемі шағын 2 оба зерттелді. Мүрделерді шұңқыр қабірлерде шалқасынан жатқыза, бастары солтүстік-батысқа қаратыла жерленген. Мұндағы бір қабірден мүрденің бас жағына қойылған үш қыш құмыра табылды. Жерлеу ғұрпы, обалардың құрылысы мен заттай табылған деректерге сүйеніп Жетітөбе обаларын б. з. б. 5 — 4 ғ-ларға жатқызуға болады. Ескерткіштер ежелгі сақ тайпаларының мұралары болып табылады. Әсіресе, Жетітөбе-1 қорымында кездесіп отырған аса үлкен обалар сақ қауымында орын алған әлеуметтік жіктеу процесінің тереңге барғанын, тайпалар арасында билеуші ақсүйектер тобының қалыптасқанын көрсетеді.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жетітөбе (оба)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}