Жер дауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жер дауы — қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарындағы жерге меншік құқығының бұзылуынан туатын дау.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жер тұтас елдікі, халықтікі болып саналды және мемлекеттік нышан қызметін атқарды, оның бүтіндігі саяси дербестіктің белгісі болды. Сондықтан жер тек қоныс және көші-қон нысаны ретінде ғана құқықтық айналымға түсті. Мұрагерлік жолмен келе жатқан және түрлі саяси оқиғалардан соңғы (жаугершілік, шапқыншылық, т.б.) жерді бөлісу немесе қайта бөлісу хан жарлығымен жүзеге асып, билер мен рубасы ақсақалдар кеңесі шешімі арқылы белгіленді. Жер дауының реттелуі көшпелі қоғамда ғана емес, отырықшы, жартылай отырықшы қауымдар үшін де қажет болды. Осы реттерде және күнделікті тұрмыста туындайтын жер-су, көші-қонға байланысты күрделі дау-жанжалдарды шешу ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарымен қатаң түрде атқарылып отырды. Жер дауының дұрыс шешілмеуі руаралық араздықтың өршуіне, ел бірлігінің бұзылуына апарып соқты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” деген атпен белгілі заңдар жүйесінде, Тәуке ханның тұсындағы “Жеті жарғыда” және өзге де бұрыннан қалыптасқан қағидаларда жер дауын шешудің барынша тиімді жолдары қарастырылды. Дауды қарау шарттары мен тәртіптері айқындалды. Бұл тұрғыда өзен, көл, жол, арықтар жеке меншікке жатпайтын көпшілік мүлкі болып саналды. Дау кезінде дауласушы екі жақ та куәлар әкелуі және дауланған жердің өз меншігіне жататындығын дәлелдейтін белгілерін айтуға немесе көрсетуге тиісті болды. Ол дәлелдемелерге: ата-баба қорымы, қазылған құдық, арық, соғылған бөгет, егілген ағаш, салынған үй тәрізді меншікті жердің шекаралық аумағын айқындайтын бұрыннан келе жатқан қозғалмайтын белгілер қабылданды. Осы аталған белгі-мұралардың біреуі талапкердің ата-бабасының не туған-туысқанының еңбегімен жасалғаны, онда бұрын қоныстанғаны анықталса, талап етуші иемденушіден ол жерді қайтарып алу құқына ие болды. Ол жерден соңғы иеленуші алып кете алмайтын оның меншігіндегі қозғалмайтын мүліктердің (ғимарат, бау-бақша, т.б.) құны дауға бейтарап үш кісінің кесімі бойынша анықталып, талапкердің мойнына салынды. Бірақ жерді қайтарып алуға дауласқан кезде және онан кейін салынған қозғалмайтын мүліктер әдейі істелінген деп саналып, жауапкер еңбегіне өтемақы төленбеген. Дауласушы екі жақтың куәлары мен айғақтары теңдей болып, дау тұйыққа тірелетіндей жағдайда, билік айтушы билердің ұсынысымен “ант ішу” рәсімі орындалған. Сөзі мен айғағының растығына “ант ішкен” жақтың талабы қанағаттандырылған. Жер дауы кезінде жалған ант ішіп, өтірік сөйлеуге екі жақ та бара алмайтын, өйткені кейін әшкере болған жағдайда ұрпаққа кететін “ант ұрған” деген аттан намыстанып, тұқымға таңба қалдырудан қорықты. Бұл, бір жағынан, қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі антқа беріктік пен сөзге тоқтаудың көрінісі еді. Қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланғаннан бастап, қазақ халқы бұрыннан келе жатқан көші-қон дәстүрін өзгертуге мәжбүр болды, әйтсе де Кеңес үкіметі орнағанға дейін жер дауын шешудің дәстүрлі үлгілері ішінара сақталды. Қазіргі кезеңде жер дауына қатысты барлық мәселелер Қазақстанның азаматтық заңдарына сәйкес реттеледі, оның ішінде “Жер туралы” заңның (30.1.2001) “Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқы және жерге өзге де құқықтар” бөлімінде жер меншігіне қатысты барлық мәселелер қамтылған.<ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жер дауы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}