Желдірме (ән жанры)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:42, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Желдірме - қазақтың халық музыкасы творчествосында речитативті түрде қалыптасқан ән жанрының бір түрі. Желдірменің мелодиялық өрісі негізінен бір немесе бірнеше рет қайталанып отыратын әуеннен тұрады. Әуені жылдам, жүрдек, қарқынды күйде басталып, соңы қоңыржай сазда аяқталады. Желдірме 7-8, көбінесе 11 буынды өлең өлшемінің негізінде құрылып, биік нотадан басталатын кіріспемен, кейде кіріспесіз де айтыла береді.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7