Жақып тегін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жақып Тегін (туып-өскен жері белгісіз) — Шығыс Қарахан мемлекетінің билеушісі Хасан ибн Сүлейменнің інісі. Нарынға құятын Атбаш өзенінің жағасына орналасқан Атбаш қаласының билеушісі. Салжұқтардың Батыс Қарахан қағанатына үстемдігі жүріп тұрған кезде көшпелі чігілдер Самарқанда көтеріліске шығып (1089), салжұқтардың әкімін қуып жібереді. Чігілдердің басшысы Айн әд-Даула Жақып Тегінді көмекке шақырады. Жақып Тегін Самарқанға келген соң, Айн әд-Даула екеуінің арасында жанжал шығып, Жақып Тегін оны өлтіреді. Бұған наразы болған чігілдер салжұқ әміршісі Мәлік шаҝ өз әскерімен көтерілісті басуға келген кезде Жақып Тегінді қолдамайды да, Жақып Тегін Атбаш қалсына қашуға мәжбүр болады. Мәлік шаҝ Шығыс Қарахан мемлекетінің билеушісі Хасан ибн Сүлейменнен інісі Жақып Тегінді ұстап беруді талап етеді. Бұл талапты орындауға мәжбүр болған Хасан ибн Сүлеймен 1091 жылы Жақып Тегінді күзетпен Үзгендтегі Мәлік шаҝқа жібереді. Алайда осы кезде Барсханды билеуші Тогрул ибн Ийнал тегін Қашқарияны басып алып, Хасан ибн Сүлейменді тұтқындайды. Осы жағдайда Мәлік шаҝ Жақып Тегінмен келісім жасап, оған Тогрул ибн Ийнал тегінмен соғысуды тапсырады. Соғыс нәтижесі Жақып Тегін үшін сәтті болып, ол Қашқарияны барсхандықтардан азат етеді де, Хасан ибн Сүлейменді тұтқыннан босатып алады. Хасан ибн Сүлеймен Қашқарияны, яғни Шығыс Қарахан иелігін 1103 жылға дейін басқарды.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақып тегін|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}