Жарамсақтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жарамсақтық — адам мінезіндегі ұнамсыз сипат саналатын жағымсыз қылық. Жарамсақтық— біреудің лауазымы мен беделіне, үлкендігіне қарап жалпылдап, жарамсақтанып көрінуге ұмтылу. Өзінше жақсы көрінуге тырысып жағымпаздану. Жарамсақтық тілімізде жарамсақ, жарамсақсу, жарамсақсы, жарамсақтан, жарамсақтану, жарамсақтас дейтін кекесінді түрлері мен бірнеше атаулары бар. Оларды мән-жайына қарай қолданулары да әр қилы сипат мағынада болып отырады. Мысалы, біреуге жақсы аттанып жағымпаздық көрсету — жарамсақтық. Жарамсақтық мінез ұнамсыз, жағымсыз сипаттар деп бағаланғанмен әрбір адамның даралық мінезін, бойында қалыптасқан әдет-дағдыларымен де санасуды қажет етеді. Мұндай жайттар адамның даралық психологиялық ерекшеліктері деп бағаланады. Жарамсақтық мінездегі ұнамсыз сипаттарға кері қатынаста болатын жарамдылық, жарамды деп аталатын ұнамды, игі қасиеттер де бар. Жарамдылық — белді, күшті, баршылық, төзімділікті білдіретін мінез ерекшеліктері. Қолынан іс келетін, қабілетті адамды жарамдылық қасиеті бар деп санаймыз. Жарамсақтықтың қолайлылық, ыңғайлылық, өтейтіндік дейтін де бағалы да ұнамды жақтары бар.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}