Жан қуаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жан қуаты — адамның психологиялық сипаттары мен психикалық процестерінің алуан түрлі болып, неше алуан қызмет атқаруы мен олардың көрінісін ұлы бабамыз, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби жан куаттары деп атаған және оларға сол замандағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, адамның бойындағы жеке мүшелердің атқаратын қызметін де дәйектеп түсіндірген. Психикалық процестер болып саналатын сезім мен түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен ерікті әрекеттердің бәрі жан қуаттары деп есептеледі. Жан қуаты материалистік және идеалистік — діни бағыты бар екені философия ғылымындағы ертеден келе жатқан біріне-бірі қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарас. Жан жайыңдағы түсінік психологияда — ішкі ой-сана сарайы. Ал ауыспалы мағынадағы жан түсінігі діни тұрғыдан қарағанда адамға, жан-жануарларға тіршілік беретін рух. Мұндай көзқарас бойынша, адамның тәні бар және жаны болады деген сенім болған. Адамның жан дүниесінің сыры объективті дүниенің субъективті бейнесі деп түсіну бірыңғай материалистік тұрғыңағы дұрыс түсінік болып табылады. Жан тәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл организмнің табиғи өмір сүруі — шындық фактор.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}