Жамшитжан Розахунов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

1950 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Шелек ауданы, Байсейіт ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін темекі шаруашылығында жұмыс істеп, кейін Кубань ауыл шаруашылығы институтына түседі. Институтты аяқтаған соң да темекі шаруашылығына еңбек етті. 1974 жылы комсомол қызметіне ауысып, Қазақстан ЛКЖО Шелек аудандық комитетінің екінші, сосын бірінші хатшысы болды. 1978 — 1980 жж. Алматы жоғары партия мектебінде оқиды. Оны бітіргеннен кейін партия органдарында түрлі қызметтер атқарды. 1981 жылы Шелек аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, кеңшар директоры болды. Өлеңдері «Ветви Чинара» (М., «Советский писатель», 1980), «Священный край» (М., «Советский писатель», 1982) атты ұжымдық жинақтарда басылған. Бірнеше жеке жинағы бар. Шығармалары: "Бәйшешек". Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; "Бір уыс топырақ". Өлеңдер, балладалар. А., «Жазушы», 1978; "Жылдар жыры". Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1981; "Менің дутарым". Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub