Жаман қаражал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:37, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жаман қаражалСарыарқаның орталық бөлігіндегі тау. Қарағанды облысы Шет ауданының шығыс бөлігінде, Ақсу-Аюлы ауданынан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Шерубайнұра мен Керегетас өзен аңғарлары арасында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 1080 м. Жазық беткейлі бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Силур жүйесінің жоғары бөлімі жыныстарынан түзілген. Аласа таулы қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, қараған, т.б. бұталар өседі. Жайылымдық ретінде пайдаланылады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}