Есік (қазақ үй)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Қазақ үй есігінің құрылысы.jpg
Қазақ үй есігінің құрылысы

Босаға — үй есігінің екі жақтауы. Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді. Қазақтар Босағаны қасиетті санаған. “Босағаны керме” (немесе Босағаға керілме) деген тыйым осыдан туған. Сондай-ақ, Босаға майлау ырымы да бар. Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды болсын деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендер бата берген;

Табалдырық

  1. Есiктiң маңдайшасына қаpама-қаpсы, төменгi жағында еденге тиiп тұpатын екi босаға аpасындағы көлденең ағаш. Есiктiң ~ғы.[Сіздің түсінігіңіз...]
  2. Есіктің маңдайшасына қарама-қарсы, төменгі жағында еденге тиіп тұратын екі босаға арасындағы көлденең ағаш. Есіктің ~ғы.

Табалдырық—Маңдайшаның жердегі көшірмесі. Тек қана табалдырықты көп сәндемейді, бір түсті бояюмен сырлайды. Табалдырық пен маңдайшаға кереге тіреліп, жалпақ сәнді құрлармен бекітіледі. Шаңырақ секілді, табалдырық та киіз үйдің ерекше қасиетті заты саналады. Табалдырықты баспайды, табалдырыққа отырмайды. Табалдырыққа сүрінгенді жақсы ырымға жатқызады.<ref>" Қазақтың киіз үйі". Сайын Назарбекұлы. «Елорда ».Астана – 2005 </ref>

Маңдайша - екі босаға тақтай үстінде жатқан және біріктіруші конструкция ретіндегі тақтай.

Жарма бет - сықырлауықтың ашылып жабылып тұратын есік тақтайшасы

Тағы қараңыз

Сықырлауық

Әдебиеттер

  1. "Ұлттық дүниетаным" "Өнер" баспаханасы
  2. Қазақ тілінің сөздіктер кешені http://lugat.kz/