Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ермек Әмірханұлы Аманшаев (12.03.1963 ж. Шымкент облысы Мақтаарал ауданы «Политотдел» кеңшары) - Астана қаласы әкімінің орынбасары, Филология ғылымдарының кандидаты (2005), жазушы, драматург.


С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргөн (1985), филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы.

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Әдеби образ құрудың рухани және көркем көздері».

10-нан астам ғылыми еңбектің; «Песнь мотылька» (2001), «Албасты туралы аңыз» (2002) кітаптарының; «Үзілген әлди» (1991, халықаралық жас драматургтер байқауының жүлдегері, Мәскеу қаласы), «Төбенің ар жағында, жер жаннатында», «Балкон» пьесаларының; Ф.Кафка бойынша «Превращение», «Сұлтан болсам ендеше» (С.Ваннус бойынша),«Аладдин және сиқыршы» инсценировкаларының; бірқатар деректі фильмнің авторы. Әдебиеттану, әдебиет теориясы, қазіргі заманғы қазақ әдебиеті бойынша 20-дан астам мақала мен жарияланымның авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1979-1980 жылдары - Маңғышлақ облысы Ералиев ауданының №41 ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 1985-1986 жылдары - ҚазКСР Орталық мемлекеттік мұражайының ғылыми қызметкері. 1985 жылдан - Қазақ Кеңес энциклопедиясы бас редакциясының ғылыми редакторы. 1988 жылдан - «Жалын» журналының жауапты хатшысы. 1991 жылдан - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (әл-Фараби атындағы ҚазМУ). 1995 жылдың қаңтар айынан - ҚР Министрлер кабинеті Істер басқармасының Қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі мәдениет бөлімінің референті. 1995 жылдың мамыр айынан - ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің консультанты. 1995 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі. 1997 жылдың сәуір айынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің үкімет шешімдерін үйлестіру және дайындау секторының меңгерушісі. 1997 жылдың қараша айынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Сараптамалық-талдау бөлімінің консультанты. 1998 жылдан ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Қаржы-экономикалық сараптама бөлімінің өндірістік емес сала секторының консультанты. 1999 жылдың мамыр айынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімі әлеуметтік сала секторының меңгерушісі. 1999 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімі сектор меңгерушісінің орынбасары,сектор меңгерушісі. 2000 жылдың қаңтар айынан - Астана қалалық Мәдениет басқармасының (Департаментінің) бастығы. 2002 жылдың қазан айынан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2003 жылдың маусым айынан - ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003 жылдың қазан айынан - ҚР мәдениет вице-министрі. 2004 жылдан - ҚР мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі. 2006 жылдан - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппарат жетекшісінің міндетін атқарушы, аппарат жетекшісі. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті (2008 жылдан бері). 2014 жылғы 19 желтоқсаннан - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Мәдениет қайраткері. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Әскери атағы - запастағы капитан.

Үйленген. Жұбайы - Шоманова Айгүл Әсетқызы (1956 жылы туған). Ұлдары - Әлішер (1985 жылы туған), Ерлан (1987 жылы туған), Ескендір (1995 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub