Ерлан Батташұлы Сыдықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:06, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым Ерлан Батташұлы Сыдықов (1956 жыл 29 ақпан, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1999), профессор, ҚР Табиғаттану ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995), Халықаралық педагогика ғылымдары академиясының академигі (2003).

Еңбек жолы

  • 1978 жылы ҚазМу-дың тарих факультетін және 1984 жылы ҚазМу-дың аспирантурасын бітірген.
  • 1978-1981 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Семей бөлімшесінде стажер-ізденуші.
  • 1984-1996 жылдары Семей ет және сүт өнеркәсібі технология институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор, профессор.
  • 1996 жылы Семей мемлекеттік университетінде аға ғылыми қызметкер болады.
  • 1996-1997 жылдары ҚР Үкіметі аппаратында кеңесші қызметін атқарады.
  • 1997-2004 жылдары Семей мемлекеттік университетінде және 2004 жылдан 2008 жылға Семей мемлекеттік педагогикалық университетінде ректор қызметтерін атқарады.
  • 2008 жылдан Семей мемлекеттік университетінің ректоры.

Ғылыми еңбектері

  • «Казахстан в составе Российской Федерации (1917-1937 жылдар)» деген тақырыптағы докторлық диссертация;
  • 100-ден астам ғылыми-әдістемелік жарияланымдар;
  • 4 монография мен 3 оқу құралы;
  • «Российско-казахстанские отношения на этапе становления тоталитарной суперэтнической державы», 1997; «Проблемы независимости Казахстана», 1999, және т.б. кітаптарының авторы