Еркінбай Әкімқұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Otyrar District Kazakhstan.png
Еркінбай Әкімқұлұлының туған өлкесі

Еркінбай Әкімқұлұлы (4.9.1937 жылы туған, Түркістан ауданы Балтакөл ауылы) – жазушы. ҚазМУ-ды бітірген (1959). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Алматы қаласының партия комитетінде нұсқаушы, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ радиосында аға редактор, «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, редактор болып істеген. Поляк жазушысы Януш Корчактың «Қайта оралған балалық» повесін қазақшаға аударды. 1983 – 1989 жылдары «Ты – мой светлый мир», «Дневник девушки» деген екі кітабы орыс тілінде жарық көрген.<ref>Оңтүстік Қазақстан обылысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары:

  • Қарақозы Әбділдаев. Очерк. А., 1969;
  • Қазактың жас ақындарының творчествосы. Әдеби-сын мақалалары. А., 1972;
  • Даңқым - дәуірім. Очерктер. А., 1974;
  • Қош бол альбом. Әңгімелер мен повестер. А., 1976;
  • Жанарым - жарық дүнием (орыс тілінде). Повестер. А., 1983;
  • Қыз күнделігі. Повестер. А., 1985;
  • Жанарым - жарық дүнием (орыс тілін­де). Повестер. А., 2001;
  • Таңдамалы шығармалары, 2 томдық. А., 2003.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}