Елек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Өзен

Елек, Елік - Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ресейдің Орынбор облысы жерімен және Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк аудандары), Батыс Қазақстан (Бөрлі ауданы) облыстары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұзындығы 623 (Жарықты саласын қоса есептегенде 699) км.

Бастауы

Мұғалжар тауының батыс бөлігіндегі Бестөбе сілемінен қос тармақ болып басталады да, Жарсуат аулының тұсында Жайыққа сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

Қар және жер асты суымен толығады. Жылдық су ағындысының 60-85%-і көктемгі, қысқы мерзімде ағып өтеді. Арнасы бастауында енсіз (20- 30 м), тік жарлы келеді, орта ағысындағы арнасы (Ақтөбе қаласы тұсында) 150-170 м-ге дейін жетеді. Онда тоғай, шалғын өседі. Електің 75 саласы бар, ірілері - Қобда (Үлкен Қобда), Көктөбе, Табантал, Қарғалы, Сазды, Таныберген. Жылдық орташа су ағыны 3- 21 м /с, Шілік aуылы тұсында 37,9 м³/с. Суының тұздылығы 1,2-1,7 г/л аралығы. Қараша-сәуір айлары аралығында мұз қатады. Өзенде жайын, көксерке, ақмарқа, табан, сазан, алабұға, тыран, аққайран, бекіре, қарабалық бар. Суы өнеркәсіп орындарында пайдаланылады <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Елек