Евгений Григорьевич Брусиловский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:34, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға Евгений Григорьевич Брусиловский (12 қараша 1905, Ресей, Дондағы Ростов9 мамыр 1981, Мәскеу) — композитор, Қазақстанның халық артисі (1936).

Өмірбаяны

  • 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті.
  • 1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі
  • 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы
  • 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі
  • 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі
  • 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды.

Шығармашылығы

Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты.

Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (Мұқан Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды.

1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды.


шәкірттері

  • Б.Байқадамов
  • А.Бычков
  • К.Күмісбеков
  • Қ.Қожамияров
  • Н.Меңдіғалиев
  • Қ.Мусин
  • С.Мұхамеджанов
  • Е.Рахмадиев.

Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді.

Марапаттары

  • КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін)
  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты.
  • Ленин
  • Еңбек Қызыл Ту
  • Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.

Есте қалдыру

Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті