Дәрет алу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дәрет алу - ислам дініндегі тазару рәсімі. Дәрет алу намаз оқыр алдында, жаназаға қатысарда, сүйекке түскенде, мешітке, киелі орындарға бару сияқты міндет, парыздарды атқару алдында жасалады. Ұйықтау, құсу, үлкен және кіші дәретке отыру, жел шығару, қан кету сияқты жағдайларда дәрет бұзылады. Жуынып, қайтадан дәрет алу міндетті болады.

Дәрет алу рет-ретімен жасалады: алдымен дәрет алуға ниет етіп, «ниет еттім Алла ризалығы үшін дәрет алуға, Бисмилләһ» деп барып, оң қолдан бастап, екі қолдың саусақтарып білекке дейін салалап үш мәрте жуады. Одан кейін ауызды үш рет шайып, мұрынға оң қолмен су алып, сол қолмен үш рет сіңбіреді. Бетті үш мәрте жуады. Екі қолды шынтаққа дейін үш рет жуады. Басқа, құлаққа бір рет мәсіх тартады (яғни сулы қолмен сүрту). Желкеге қолдың сыртымен, үш саусақпен бір рет мәсіх тартады (сулы қолмен сүрту). Сол қолмен әуелі оң аяқтан бастап, екі аяқты тобыққа дейін үш рет жуады.

Сонымен қатар, дәрет алғанда мынадай: бетті жуғанда қас, сақал және мұрттың астындағы көрінбейтін теріні сумен ылғалдандыру, сақалға мәсіх тарту (сулы қолмен сақалдың арасын саусақтарымен тарамдау), қол-аяқ саусақтарының араларын тарамдап жуу, тәртіппен, яғни рет-ретімен жуу, әр мүшенің арасын үзбей жуу т.б. шарттары сақталуы тиіс.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәрет алу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}