Дуглас Зияевич Серазетдинов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:42, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дуглас Зияевич Серазетдинов (19.2.1934 жыл, Ақтөбе қаласы1994 жыл, Алматы) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1983), профессор (1987).

  • КСРО өнертапқышы (1987).
  • ҚазҰУ-н бітірген (1956).
  • 1956 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында ғылыми қызмет атқарды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты Қазақстан жерінің полигалитті және астраханитті шикізатын пайдалану жолдары, тұздарды гидротерм. қайта өңдеу, сополимерлену реакциялары негізінде полифосфатты тыңайтқыштарды синтездеу әдістерін зерттеуге арналған.
  • Серазетдинов шыны типтес және аморфты фосфаттарды түпкілікті зерттей отырып, олардағы ерігіштік процестерді, полимерлердің гидролиттік деструкциясын реттеу, коррозия мен үйкеліске төзімділік, тағы басқа көптеген қасиеттерін айқындады. Серазетдиновтің бұл зерттеулері Қазақстандағы Жамбыл фосфор, Жамбыл суперфосфат, Жаңа-Жамбыл химия, ДПО Химпром зауыттарында сынақтан өткізіліп, өндіріске енгізілді.
  • Серазетдинов 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 30 авторлық куәлігі мен 4 монографиясы бар.
  • Медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}