Долық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

  1. Долық — байырғы ортада қолданылған ғүрыптық ыдыс түрі. Д. бітеу іреп сойған мал терісінен жасалады. Сырт пішімі меске немесе қауғаға ұқсайтын Д.-ты бітеу, яғни мал терісін қарны мен сирағынан бір жақ қырынан тілмей, сойып жасайды. Осы бітеу ыдысты молшылықтың нышаны санаған қауым «үйге кірген ырыздықты «бітеп», шығармай тұрады» деп сенген. Мұндай бітеу малдың терісінен жасалған тұлып тәрізді ыдысқа ас-тағамның берекесі саналатын, дәмін келтіретін тұз бен молшылықтың белгісі астық сияқты заттарды ырымдап салып қоятын болған. Бүл көшпелі түркі халықтарының ырыздық тұлыбы аталатын затына ұқсас болып келеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
  2. Долық - мес, торсық тәрізді көн ыдыс; сойылған қой-ешкінің не бұзаудың бітеудей сыдырылып алынған терісінен істеледі. Долық көбінесе су сақтауға яки құдықтан су тартатын қауға орнына қолданылады. Түркі тілдерінде "дол" немесе "тол" орта болмау, қампию, лақылдап тұру мағыналарын білдіреді. Мұнда "д" мен "т" дыбыстары орын алмастырып тұр ("толық"). "Дол" түбіріне "ық" жұрнағын жалғау арқылы ыдыс атауы жасалған. <ref>"Қазақ Кеңес Энциклопедиясы", 4-том.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Долық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}