Дода

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Додаат үстінде көкпарға таласып, үймеленген көкпаршылар тобы, көкпар тартысы.


Додакөкпарға салынған серкені тартып алып тақымға басу үшін көкпаршылардың тартысқа түсуі. Серкенің Д.-ға түсуі көкпар ойынының шарықтау шегі болып табылады. Д. кезінде жүйелі жəне тұрақты тəртіп сақталмайды. Д. көкпар тартудың бір түріне жатады. Өйткені, көкпар жаппай тартыс жəне дода тартыс болып екі түрге бөлінеді. Жаппай тартыста əркім серкеге өзі ие болуға күш салады. Ал дода тартыста бірдей бөлінген екі топ күш сынасады. Жікке бөлінген топтар тұтас сайысқа түседі. Кейде жерде мұны марта тарту деп те атайды. Д.-ға түсу үшін сайыс алаңы белгіленеді. Қарсы жақтар Д.-ға өздерінің белді атқа мінген мықты азаматтарын салады. Ердің қайраты, аттың қабырғалысы осы Д. үстінде айқындалады. Мұндайда оза шауып, есе бермеген ерге, топты жарып өткен атқа мадақ айтылып, ел аузында қалған. Д.-ға кірген көкпаршыны додаға түсті, ал көкпарға тартылған серкені додаға салды дейді. Көкпарға тартылатын серке алдын ала дайындалады, жеңіл əрі мықты болуы үшін ішек-қарнын алып, тұзды суға салып қояды, терісін қайта тігеді. Егер ойын кезінде тері шыдамай жыртылса, оны біреудің есігінің алдына немесе үйдің уығының үстіне қарай лақтырып тастайды. Д. тартыста жеңіске жеткен көкпаршылар көкпарын көбінесе ру ақсақалдарының, балаға зар боп жүрген үйдің алдына əкеліп тастап, «көгерт, көгерт, көгерт!» деп айғайлайтын болған. Балалы үйге бағы жанып, үбірлі-шүбірлі болсын, баласы жоққа маңдайы кере қарыс ұл берсін деп тілек айтқан. Үй иесі шабандоздың жолы деп үстіне шапан жауып, бір тартар ақ орамал ұсынған. Көкпар тиген үй көптің тақымынан шыққан ет, жанғадəру, тəнгешипа болады деп ырым етіп, серке етін қалдырмай түгел асып, бөлісіп жеген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дода|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}