Денудация базисі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Денудация базисі — беткейдің жатық бөлігі,<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref> немесе оның етегіндегі су жиналған жер. Беткейден үгілуден не су күшімен келген жыныстар осы жатық беткейге, яғни денудация базисіне жиналады.

Еңіс баурайлар мен беткейлер жазықтығы қимасында еңістік мөлшерінің күрт өзгеретін деңгейі. Әдетте бұл деңгей мұжылу өнімдерінің өз ауырлық күші әсерімен жылжу процесі тоқталатын шартты сызыққа, яғни еңістену бұрышы біршама тік бағыттармен сипатталатын баурайлардың жайпақ бұрышты жазық беткейлермен алмасу деңгейіне сәйкес келеді. Денудация базисінен төмен орналасқан көлбеу алаптарға тән тау жынысы кесектері мен түйірлері ауырлық күші әсерімен төмен қарай сырғанау қабілетін жоғалтады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}