Деградация (саясат)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Деградация, күлдырау режимі. Бүл режимдегі саяси практика саяси жүйенің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайтын ерекше қалпын көрсетеді. Онда биліктің ықпалына берілмейтін деструктивті, қиратушы күштер үстемдік етеді. Билік дағдарысы, саяси жүйенің дағдарысы қоғам- ның демократиялық саяси мәдениетінің әлсіздігін, дамымағандығын көрсетеді. Тек охлократиялық тенденцияларға арандататын сөз жүзіндегі демократия дағдарысты тереңдете түседі, саяси күштердің қақтығысты қайшылықтарын тудырады.

Осындай жағдайда саяси процестің мазмұны өзгереді. Саяси күштердің қарсы тұру тенденциясы пайда болып, қақтығыстар мен әлеуметтік жарылыстарға алып келетін конфронтация күшейеді. Осы ретте қоғамның саяси жаңаруының демократиялық формаларын іздеу, жағдайдың әлеуметтік жауапты бағасының дамуы, саяси күштер арасындағы диалогтардың әр түрлі формаларының жолға қойылуы, компромисс, консенсус принциптерінің басымдығын қамтамасыз ету дағдарыстық жағдайдан шығудың тиімді жолын қалыптастырады. Осы жағдайда барлық саяси күштер, мемлекеттік билікті қоса алғанда, конституцияны, құқықтық нормаларды сақтауға міндетті және мемлекеттік билік органдары мен күштік қүрылымдар ғана мемлекеттің

тұгастығы мен қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін қажетті күш қолдану функциясын заң жүзінде қолдана алатындығын ескеру қажетті.

Алайда, саяси практикадағы деградация мен құлдырау режимі басқа бағытты ұстануы да мүмкін. Бүл демократиядан бас тарту, тәртіпті сақтаудың күш қолдану методтарына өту, күш қолдану мәдениетін жандандыру мен дамыту.

Сол себептен деградация мен құлдырау режимінің саяси практикасы аса күрделі. Мұнда көп нәрсе саяси күштердің нақты қарым-қатынастарына, халықтың менталитетінің ерекшеліктеріне, оның тарихи тәжірибесіне және байланысты болады.

Саяси практиканың маңызды проблемасы саяси қатынастар субъектілерінің саяси процестердегі өкілдігін камтамасыз ету. Өкілдікті қамтамасыз ету формасы саяси партиялардың, партиялық жүйелердің, биліктің сайланбалы өкілдік органдарының қүрылуына негізделеді. Демократиялық саяси мөдениеттің құндылығының өзі сонда, ол осы қалыптасқан әлеуметтік жағдайда саяси процестегі саяси қатынастар субъектілерінің толықтай өкілеттілігін қамтамасыз ететін тетіктерге ие. Осы тетік үздіксіз жетіліп отыру мүмкіндіктеріне ие. Саяси процестегі белгілі бір тенденцияларды көрсететін азаматтар ұйымдасқан түрде өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси ықпалдың методтары мен қүралдарын жасақтай алады.

Сайлау өкілеттілігі шешуші мәнге ие демократиялық қоғамда бұқара халық өзінің саяси процестерге катысуын, негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы — саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік қүрылымдардың электоратқа тәуелділігі — саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет. Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау — саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады Саяси процестің маңызды тұстары шешімдерді қабылдау жөне оларды жүзеге асыру үшін қажетті еріктің көңіл-күйін жасақтау болып табылады. Мүнда да қоғамның демократиялық саяси мәдениеті мен оны азаматтардың игеру дәрежесі шешуші мәнге ие. Саяси процеске қатысушылардың саяси мәдениеті ғана шешімдердің жетілгендігін, жауапкершілігі мен байсалдылығын анықтайды, ал олардың еріктік көңіл-күйі әлеуметтік сақтық пен сыншылдықпен байланысты.

Саяси процестің ақырғы кезеңі саяси қатынастар субъекгілері қабылдаған шешімдердің жүзеге асуы болып табылады. Мүнда да саяси мәдениет саяси процестің мазмұнын анықтайды, шешуші түрғыда субъектілерге ықпалын тигізеді, олар қолданатын формалар, методтар мен құралдарды және олардың әрекеттерінің нәтижелілігін анықтайды.

Алайда осындағы ескеретін нәрсе, көп жағдайда мақсатқа жету саясаткерлер үшін шешуші мәнге ие болғанымен, қол жеткізілген нәтиже, жүзеге асқан мақсат оның барысында қолданылған кез келген құралды ақтай бермейді. Саясаттанулық түрғыдан алғанда қандай қүралдар мен метод- тар арқылы мақсатқа жеткені және осы ретте саяси практиканың субъектісі қалай қалыптасқаны айтарлықгай маңызды, өйткені жеткен мақсат — үздіксіз саяси процестегі өтпелі кезең ғана, ал адамдардың тіршілік әрекетіндегі қызмет етуші саяси мәдениет мәні бойынша оның фундамен- талдігі , мәңгі негізі болып табылады. Демокрит айтып кеткендей, "азаматтық соғыс жауласушы екі жақтың қайсысына болса да қасірет. Өйткені оның салдары женуші үшін де, жеңілуші үшін де бірдей".

<ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}