Дағды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:05, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.<ref name=s1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.Дағды, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref>

Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қинаһлады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.

Дамыған дағдылардың кейбір белгілері:

  • 1) Дағды алудың белгісі — әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мысалы, спорттық ойындардағы спортсменнің дағдысы);
  • 2) Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мысалы, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т.б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі);
  • 3) Дағдыланудың үшінші белгісі — бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одантұтас бір амал жасай алу. Мысалы, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады;
  • 4) Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мысалы, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі);
  • 5) Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мысалы, машинистка мәтінді көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді қамтиды. Адам мәтіннің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы (Үлгі:Lang-la деген сөзі, қазақша күні бұрын біліп қою деген мағынаны білдіреді).

Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызды орын алады. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Дағдылар сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектілік дағдылар болып бөлінеді. Дағды — көп рет қайталаулар арқылы автономды орындалуға бейімделген іс-әрекет. Дағды — бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болған және оның саналы қадағалауының қысқартылуымен сипатталатын жеке әрекеттер — операцияларды орындаудың таптаурын тәсілі. Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.

  • Перцептивті дағды — жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.
  • Интеллектуалдық дағды — белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.
  • Қозғалыстық дағды— таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.

Дағды әр түрлі дәрежедегі жалпылаумен — олардың әр түрлі жағдаяттарды қамтумен, икемділікпен, тез жүзеге асырылуға даярлықпен сипатталады. Дағды деңгейіндегі әрекеттер оның кейбір реттеу компоненттерінің көрінбеуімен (болмауымен) ерекшеленеді. Осылайша, мысалы, жазу дағдысында оны қалай орындау жөнінде ойлаудың қажеттілігі болмайды. Сондықтан көптеген үйреншікті әрекеттер адаммен автоматизацияланады да, адамның саналы іс-әрекетіне күш түсірмейді. Ал оны басқа едәуір күрделі міндеттерді орындауға бағыттайды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}