Дат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дат - байырқы қазақ қоғамында бекзадалар мен билік өкілдерінен (хан, сұлтаннан) қараша сөз сұрағанда айтылатын этикеттік мәнді қаратпа сөз. Сонымен бірге билік өкілдерінің жоғарғы мәртебелі саяси-әлеуметтік статусын да білдіреді. Дат - парсы тілінен енген сөз «көмек, жәрдем, кешірім» деген мағынаны бейнелейді.

Әдетте дат сұраған адамға хан немесе сұлтан жауап ретінде Датың болса айт! деген. Бас кеспек болса дa, тіл кеспек жоқ деген қағидатқа сүйенген қазақ қоғамында дaт құқығы қатаң сақталған. Сондай-ақ халықаралық келіссөздер жүргізу кезінде де дат құқығы сақталып отырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}