Дарси заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дарси заңы — сүзілу жылдамдығының су тегеуріні бәсеңдеуіне пропорционалдығы заңы.

Бұл заңды алғаш рет тәжірибе жүзінде құмды сүзгідегі су ағынын зерттеу барысында француз инженері А. Дарси (1856 жылы) ашқан. Сүзілу кезіндегі тегеурін шығынының жылдамдыққа тәуелділігі түзу сызықты болғандықтан, Дарси заңы сүзілудің түзу сызықты заңы деп те аталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> Дарси заңы ағынның ламинарлық режімі жағдайындағы кеуекті ортадағы сұйықтықтың сүзілу заңы Дарси заңы бойынша сүзілу жылдамдығы (<math>v</math>) пъезометрлік көлбеудің (<math>i</math>) шамасына тура пропорционал: <math>v = k_\mathrm{i}</math> мұндағы <math>k</math> — көлбеуі бірге тең жағдайда сан жағынан сүзілу жылдамдығына тең болатын сүзілу коэффициенті, өлшем бірлігі см/сек., <math>k</math>-ның сандық мәні топырақтың сипатына және ең алдымен оның кеуектерінің шамасына тәуелді. Дарси заңының Дюпон формуласынан ерекшелігі сол: козғалыстың кез келген сипатындағы (бірқалыпты немесе күрт өзгеретін) сүзілу аймағындағы кез келген нүктенің сүзілу жылдамдығын анықтайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дарси заңы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}