Дабыл (аспап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дабыл - қазақтың ұрмалы саз аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі сақталған. Оның бірі - шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі шеңбер аумағы 3 м 40 см, ені 30 см, биіқт. 1 м 50 см болып келетін үлкен жорық дабылы. Дабылдың Қазақстаннан табылған көне нұсқалары қазіргі кезде Санкт-Петербургтің, Семей мен Омбының, Астрахан мен Алматының мүражайларында сақтаулы. Көне аспапты қалпына келтіріп, қайтадан қолданылуы еңбек сіңірген шеберлер: А.Аухадиев, Д.Шоқпар-ұлы, Ш.Байжігітов, С.Кенжеғараев, А.Құмаров, О.Бейсенбаев, А.Хасенов, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}