Гүлсәуле Орымбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:35, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Гүлсәуле Орымбаева (1952 жыл, Жамбыл облысы, Бірлік елді мекені) — «Салтанат» ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері.

Отбасы

Арғы тегі қазақ халқының ардақты ақыны, әншісі, жыршысы, сазгері – Кенен Әзірбаев. Ол 11 жасынан домбыраға қосылып, өзі өлең шығара бастаған-ды. Гүлсәуленің әкесі – Әбдіқадыр Құстүнінов Ұлы Отан соғысына қатысты. Берлинге дейін жеткен. Ол Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитетінде қызметте болған. Ішкі істер министрлігінің полковнигі дәрежесіне жеткен. Анасы – ҚР еңбек сіңірген ұстазы.

Өмірбаяны

Әке өнерге жақын және өзі де музыка аспабында ойнап, ән сала білген. Гүлсәуле оның сүйемелдеуімен жас кезінен билеуді ұнатты, 5 жасында музыка тактысына елтіп билей бастайтын-ды. Тіптен өзі де талдырмаш бойын би ырғағымен қозғалта түсіп, би шығарды. Гүлсәуле бірінші және екінші сыныптарда оқып жүргенінде гастрөлдік сапарлармен ауылына келген әйгілі биші Шара Жиенқұлованың биін көргенінде, аузын ашып, әртістің қимыл-қозғалыстарынан көзін айыра алмады. Оның қиялын жұмбақтай пері биші баурап алды. Содан кейін ұлы биші ұлттық билерді орындаушылығымен оның қиялды-сүйіктісіне айналды.Әбекең мен Гүлсәуле хореографиялық училищеге келіп жеткенде оған осы жылы оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталып қалыпты. Әке Гүлсәуленің көзінде жылт-жылт еткен көз жасына шыдамай, ол үшін комиссияны жинауды сұрайды. Әке мен қыздың қуанышына орай тексерістерінен кейін төраға: «Қабылданды», – деп қуантты. Гүлсәуле ұстазы Шара апасының тобына қабылданды. Гүлсәуленің қуанышында шек жоқ. Шара Жиенқұлова сол хореографиялық училищенің директоры еді, сөйте тұра өзі бірінші бітіретін шәкірттерді тәрбиелейді.Ол хореографиялық училищені үздік тәмамдағасын, жоғары музыкалық білім алу мақсатымен Қыздар педогогикалық институтына оқуға түседі. Әртістік жолы «Гүлдер» ансамблінде басталып, мұнда 10 жыл қызмет істеді. Осы уақытта гастрөлдік сапарлармен Бирмада, Сингапурда, Малайзияда, Пәкістанда болды. Қазақстанның аймағын, Кеңес Одағының барша республикаларын тұтас шарлады.

Марапаттары

  • Өнердегі ерен еңбегі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді.
  • ҚР Президентінің жарлығымен ол «Астана» медалімен
  • 2007 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.<ref>Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}