Гүлзипа Сыздықова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:43, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Гүлзипа (Күлзипа) Сыздықова (1.1.1914 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы – 30.9.1985 жыл, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1966).


  • 1933 – 36 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының студиясында оқыған. Оқып жүрген кезінен бастап осы театрдың спектакльдеріне де қатысты.

Алғашқы ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” драмасындағы Топай (1935). Бұдан кейін: Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Алдар Көсе”), Сайра (І.Қуанышбаев пен Хұсайынов, “Шаншарлар”), Күнікей (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Фатима (А.Қаһар, “Ауру тістер”; І.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті”), Жер-ана, Жаңыл (Ш.Т. Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Аңсаған менің әнімсің”), т.б. тұлғаларды сомдады. Ол Шүкір (Мұхамеджанов, “Бөлтірік бөрік астында”), Ұмсынай, Халима (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” пен “Той боларда”), Балжан (Мүсірепов, “Сең қайтер едің”), Қарақатын (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”) рөлдерін ойнап, көрермендерге эпизодтық рөлдердің шебер орындаушысы ретінде танылды.

  • 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
  • 1957 жылдан киноға түскен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}