Гүлбану Сейілбекқызы Қосымова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:24, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Гүлбану Сейілбекқызы Қосымова (7. 11. 1954 жылы туған, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көпмола ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1991), доцент (1996). Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітірген (1977). 1977—1979 жылдары Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы №40 орта мектепте мұғалім. 1980—1982 жылдары Алматыдағы А. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханада кітапханашы болып жүріп, сырттай аспирантурада оқыды. 1983—1985 жылдары АлМУ-дың қазақ тілі кафедрасында аға лаборант. 1986 жылдан осында қазақ тілі және қазақ тілін оқыту кафедраларында оқытушы, аға оқытушы. Қазақ тілі тарихы, грамматикасы және қазақ шешендік өнері салаларында еңбек етіп жүр. 24 ғылыми мақаласы жарық көрді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}