Гуманисттік қозғалыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Гуманисттік қозғалыс - гуманизмнің негізгі идеяларын жақтаушы қоғамдық қозғалыстар. Алғашқы гуманистік үйымдардың нышандары ХӀХ-XX ғасырларда АҚШ, Германия және Батыстың басқа да елдерінде пайда болды. Кең қоғамдық-мәдени мағынада гуманизм XIX ғ. екінші жартысынан ағылшын-американдық либерализммен, социализммен, неміс социал-демократиясымен, француз социалистік ойымен тығыз байланысты болды. Алғашқы ұйымдасқан гуманизмнің ықпалды түрлері "Freethinker" (1881 жылы - Лондон) журналының, Бүкіләлемдік еркін ойлаушылар одағының (World Union of Freethinkers - 1880 ж. Брюссельде негізі қаланған) маңына топтасты. Гуманистік қозғалыстың қалыптасуына еуропалық еркін ойлаушылар, рационалистер, скептиктер және агностиктер, пацифистер ұйымдары көп үлес қосты. Оған қоса сол кездері пайда болған қайырымдылық түрлері, яғни, Құтқару Армиясы және Қызыл Крест, либералды діни-этикалық қоғамдар, демократиялық және ағартушылық көзқарастағы мәдениет және ғылым қайраткерлері себепкер болды. XIX ортасы XX ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мәдениетінде гуманистік ұстанымдар кеңінен таралды. Оның көрнекті өкілдері: Р. Эмерсон, Г. Торо, О.Уайльд, Б.Шоу, Э.Геккель, А. Энштейн, О.Хаксли, Б.Рассел, М.Твен, К.Чапек, М. Вебер, Э.Дюркгейм. Бұл есімдерге Франкфурт әлеуметтік мектебінің теоретиктерін (Т.Адорно, М.Хоркхеймер), Италия мен Франциядағы евромарксизмді, Югославиядағы "праксис" философтарын, гуманистік бағыты ұстанған польшалық ойшылдарды (А. Шафф және т.б.), экзистенциализмнің көрнекті өкілдерін (Ж.П. Сартр, А.Камю, К.Ясперс) қоспай кетуге болмайды. Осы және басқа да батыстық мәдениеттің көрнекті өкілдері гуманизм идеяларын қоғамдық санаға сіңірді, әлемде және өз елдерінде мінез-құлықты соның негізінде қалыптастыруға тырысты. Жалпы Еуропадағы және АҚШ-тағы, Австралиядағы және басқа елдердегі гуманизмнің дамуы демократияның, адам құқы мен еркіндіктерінің нығая түсуімен, соғысқа қарсы қозгалыстардың және қайырымдылық көрсетудің үйымдасқан түрлерінің пайда болуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың соңына қарай гуманизм қоғамдық құбылыс ретінде барлық дерлік демократиялық елдерде азаматтық қоғамның аса маңызды элементіне, адамдардың жақсы өмір сүруге құлшынысын білдіретін адамзаттың ғаламдық феноменіне айналды. Гуманистердің көптеген ұйымдарының ішінде ерекше орын алатыны - 1952 жылы Амстердамда құрылған Халықаралық гуманистік және этикалық одақ (ХГЭО, International Humanist and Ethical Union). Құрамына 37 елдің гуманистік ұлттық ұйымдары кіреді. ХГЭО үнемі Әлемдік гуманистік конгресс өткізіп отырады. Қазіргі гуманистердің ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ағартушылық, баспа жүмыстары жүргізілетін Зерттеу орталықтары (Center for Inquary) бар. Халықаралық гуманизм академиясы (International Academy of Hyumanism) үлкен рөл атқарады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гуманисттік қозғалыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}