Григорий Арнольдович Столяров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Григорий Арнольдович Столяров (8.3.1892, Одесса қ. - 14.9. 1963, Мәскеу қ.) - дирижер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1947). 1915 ж. Петроград консерваториясын - Л.С. Ауэрдің скрипка, Н.Н. Черепиннің дирижерлік және А.К. Глазуновтың аспаптау кластары бойынша бітірді. 1945 - 48 ж. Алматыда тұрып, Қазақ академиялық опера және балет театрында бас дирижер болды. М.Төлебаевтын "Біржан Сара" операсының премьерасында дирижерлік етті. Ол пед. қызметпен де айналысты: Одесса консерваториясының ректоры (1923 - 29), Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1945 - 48), Мәскеу консерваториясы (1934 - 43) және Мәскеудегі әскери дирижерлер институтынын (1948 53) профессор болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}