Го Сун Чиннің шығармашылы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Көрме талантты шебер, өрнектеп суреттеуші, төрт дүркін қалалық конкурстардың лауреаты, Семей қаласында өткен өңіраралық дәстүрлі халықтық сәндік-қолданбалы өнер конкурс-көрмесінің бас жүлдегері, Астанада өткен 1-ші республикалық «Шебер» конкурсының жеңімпазы Елена Андреевна Го Сун Чиннің шығармашылығымен таныстырады.

Елена Андреевна Го Сун Чин 1964 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қазіргі кезде ол Семей қаласының ең көркем жерлерінің бірі Қызыл Кардон мөлтекауданында тұрады және еңбек етеді. Оның өрнектелген қасықтары, табақшалары және ас үйде қолданатын тақталары, гүлдер мен жемістерге арналған вазалары, салаттарға және қымызға арналған ыдыстар жиынтығы, басқа де өз қолымен безендірген заттары бүгінде әлемнің түпкір-түпкірінде: Англия,Үндістан, Бельгия және Австралия, АҚШ және тағы басқа да елдерде тұратын сұлулық пен кәсіпқойлықты бағалай білетін көптеген адамдардың үйлеріне сән берген, бағалы өнер туындысы ретінде сақтаулы. Ол ыдыстарды көңілді украина нақышында қазақ оюларымен өзінің ерекше стилінде өрнектейді, сондай-ақ оның қолынан шыққан үш түрлі бояуы қанық байқалатын хохломдық өрнектерін жазбай тануға болады. Гүлдерден, шөптерден өрілетін өсімдік тектес ой-өрнектер және жемістер - суретшінің сүйікті тақырыбы. Қарапайым бұйымдардың өзі шебер суретшінің қолынан шыққанда шынайы өнер туындысына айналып, ерекшелігі мен қайталанбас өрнегі көрер көздің жауын алады. Мұражайдың көрме залында оның 2012 жыл бойында жасаған 324 бұйымы қойылды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА