Геологиялық-барлау жұмыстарының көлемі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Геологиялық-барлау жұмыстарының көлемі. Геологиялық-барлау жұмыстарының нақты көлемі және оларға жұмсалатын қаражат мөлшері. Бүкіл жұмыстарға керекті қаражат мөлшерін анықтау сол жұмыстардың әртүрлі түрлері, кезеңдері және сатылары нәтижелерін өзара салыстыруға, олардың динамикасын анықтауға, жұмыс өнімділігінің өсу қарқынын, жұмыс құнының кемуін, табыс мөлшерінің артуын жоспарлауға, сол сияқты кен қорын дайындау шығынының экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс құнының көрсеткіштері қаншалықты маңызды болғанымен, олар сол жұмыстардың нақты көлемін анықтап бере алмайды. Әртүрлі жұмыстарының физикалық болмысын анықтау (сейсмикалық барлаудағы кескіндер ұзындығы, бұрғылау өтімі, т.с.с.) алынған нәтижелер жайлы мағлұматтар беретін болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref><ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}