Генофонд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:50, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Генофонд (ген және французша fond — жиынтығы) — бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref> Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы А.С. Серебровский ұсынған. Генофонд термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Тұрақты Генофондтағы гендер жиілігі генотиптен фенотиптің қатынасын кейінгі ұрпақтарға бір күйде беріп, генетикалық тепе-теңдікті сақтайды. Мысалы, будандастыруға алынған екі бидай сортының Генофондтарының бірінде өсімдік сабағының биіктік аллелі, екіншісінде аласалық аллелі бар деп алсақ, бірінші ұрпақта ата-анасында болған аллельдер жиілігі сақталғаны байқалады. Көбею қарқыны, сұрыптау, т.б. жағдайлар генетик. тепе-теңдікті ауытқытады. Ал жаңа тепе-теңдік тиісті ген жиілігінің өзгеруіне жаңа фактор әсер еткенге дейін сақталады. Табиғатта түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына тап болып, өсіп-өнуіне байланысты олардың Генофондтары өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және өзге Генофондтары бар басқа түрлер түзеді. Тұрақты Генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд — түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының Генофондын қорғау — тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Биосфераның генетик ресурсын сақтау, әсіресе практикалық мәні бар немесе жоғалып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар Генофондын сақтау әдістері жасалуда.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}nl:Gene pool pt:Pool de genes