Генерал-губернатор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:26, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Генерал-Губернатор — 1) патшалық Ресейдегі жергілікті жоғары әкімшілік лауазым. 1719 ж. енгізілген. Бастапқы кезде құрметті атақ ретінде қолданылды. 1775 жылғы губ. реформаға сәйкес жергілікті әкімш. жұмыс Генерал-Губернатор-ға тапсырылды. Ол бірнеше губ-дан тұратын генерал-губернаторлықты басқарды. 1782 жылғы патша жарлығы бойынша Генерал-Губернатор жергілікті әкімш. жұмысқа және полицияға басшылық етті, сот үкімін бұзуға, оны жүзеге асырмай тастауға еркі болды, соғыс окр-ның қолбасшысы қызметін қоса атқарды. 1796 ж. Генерал-Губернатор қызметі уақытша доғарылды. 19 ғ-дың 2-жартысында империяның бірқатар аймақтарында Генерал-Губернатор қызметі қайта қалпына келтіріліп, Мәскеу, Варшава,Киев, Түркістан, Дала, Иркутск, Финляндия, Амур өңірі генерал-губернаторлықтары құрылды. Патша өкіметінің отаршылық саясатын жүзеге асыруда шет аймақтардағы Генерал-Губернатор-лар маңызды рөл атқарды. 1917 жылғы Ақпан рев-сы нәтижесінде патша өкіметі құлағаннан кейін Генерал-Губернатор қызметін Уақытша үкімет тағайындаған комиссарлар, кей жерлерде бірнеше адамнан тұратын к-т (мыс., Түркістан к-ті) атқарды. 2) Ұлыбритания, Франция, т.б. елдерде губернаторға қарағанда жоғары қызмет. 3) Ағылшын доминондарындағы жоғары билікті иемденуші.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Генерал-губернатор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}