Газдық құрамбөліктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Табиғи газ құрамында байырғы газ және байырғы бу түрінде дараланатын заттар жиынтығы. Мұндағы газдар қалыпты жағдайда газ түрінде ғана ұшырасады, олар — метан, этан, пропан, бутан, азот, т.б. Қалыпты жағдайда газ түрінде де, сұйық түрінде де ұшырасатын заттар — су, пентандар, гександар, сынап, т.б. Өзге табиғи заттармен, бірінші кезекте сумен әрекеттесу сипатына қарай, газдық құрамбөліктер химиялық тұрғыдан белсенді және химиялық тұрғыдан салғырт құрамбөліктерге жіктеледі. Белсенді құрамбөліктер (С02, H2S, сирегірек NH3, S02, HBr, HC1, HF, т.б.) сумен жақсы әрекеттеседі, сондықтан онда жақсы ериді, сөйтіп жерасты суларының құрамында біршама мол ұшырасады. Салғырт құрамбөліктер қалыпты жағдайда сумен әрекеттеспейді, ерігіштігінің төмен дәрежесімен сипатталады, бірақ бүкіл табиғи газдар құрамыңда үшырасып отырады. Табиғи газдар құрамында кеңінен таралған газдық құрамбөліктер өздерінің химиялық қасиеттеріне қарай үш топша жіктеледі, олар — қышқыл құрамбөліктер (С02 және H2S), көмірсутектер (СН4, С2Н6, С3Н8, С4Н10) және бейтарап құрамбөліктер (N2, He, Ar, Хе, Kr, Ne).<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}