Венецианов Алексей Гаврилович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:38, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Nastenka Khvasskaya by Venetsianov.jpeg
Nastenka Khvasskaya by Venetsianov

Венецианов Алексей Гаврилович (18.2.1780, Ресей, Мәскеу — 16.12.1847, Тверь губ. Поддубье с.) — орыс суретшісі, орыс бейнелеу өнерінде тұрмыстық жанрдың негізін салушылардың бірі, Санкт-Петербург Көркемсурет академиясының акад. (1811). Жас кезінде жер өлшеуші, кейіннен шенеунік болып қызмет еткен. 12 жыл бойы Эрмитажда көне дәуірдегі көрнекті суретшілердің картиналарын көшірумен шұғылданды. В.Л. Боровиковскийден сабақ алып, оның әсерімен өз әйелінің, қыздарының портреттерін жазды. 1819 ж. суретшілікпен түбегейлі айналысу мақсатымен Тверь губерниясындағы Сафоновка деревнясына көшіп келеді. В-тың шаруалар өмірінен салған алғашқы еңбегі — “Қырман” (1820) картинасындағы еңбек адамын бейнелеуде жасандылық байқалды. Кейінгі “Қызылша тазалау” (1822), “Помещик әйелдің тағы бір таңы” (1823) шығармаларында суретші бұл кемшіліктерінен арылып, деревня өмірін шынайы бейнелей білді. 19 ғ-дың 20 — 30-жылдары — В. шығарм-ның кемелденген шағы. “Егін орағында” (1820), “Захарка” (1825, Третьяков галереясы), “Ұйқыдағы бақташы” (1823 — 24, Орыс музейі) картиналарында суретші еңбек адамдарының тұрмысын, жан сұлулығын, адамгершілік қасиеттерін және табиғат көріністерін шебер суреттеді. В. — 19 ғ-дың 1-жартысында өз өнерін шаруалар тақырыбына арнаған жеке-дара суретші. Ол 19 ғ-дың 2-ширегінде 70-тен астам суретші-шәкірттер тәрбиелеп шығарды. “Венецианов мектебінің түлектері” аталған бұлардың қатарында С.К. Зарянко (1818 — 1870), А.В. Тыранов (1808 — 1859), А.Г. Денисов (1811 — 1834), Е.Ф. Крендовский (1810 — 1853), Л.К. Плахов (1810 — 1881), Г.В. Сорока (1823 — 1864), т.б. бар. В. шәкірттеріне тек қана шындықты жазуды, бір-біріне еліктемей өз мәнерін, өз қолтаңбасын табуды өсиет етті. Бірақ олардың көпшілігі ұстазы көтерілген биікке жете алмады. Әйтсе де В. мектебінің суретшілері орыс бейнелеу өнеріндегі реалистік бағытты ілгері дамытуда үлкен рөл атқарды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Венецианов Алексей Гаврилович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}