Венера Нығматулина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Венера Нығматулина (1962 жылы Алматы да дүниеге келген) - қазақстандық және бұрынғы советодағының киноактрисасы,"Шәкен жұлдыздары" кинофистивальінің директоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жалпы мәліметтер

В.Нығыматулина Алматы қаласында туған. Әкесі - Ибрагимов Махмұд Жүсіпұлы (1938 жылы туған), зейнеткер. Анасы - Ибрагимова Жанат (1938 жылы туған), зейнеткер. Ташкент мемлекеттік көркем-театр институтының режиссерлік факультетін бітірген (1990), театр және кино режиссері.«Кино өнері» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы (2007). Орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2002 жылдан бері - «Шә Жұлдыздары» продюсерлік орталығы ЖШС бас директоры - «Шә жұлдыздары» («Звезды Шакена») Алматы халықаралық кино байқауының бас директоры.

Шығармашылығы

Келесі кинофильмдерге түскен: Ш. Бейсембаевтың «Невозможные дети» - Айгүл (1979); Б. Шмановтың «Невеста для брата» (1979); Д. Манабаевтың «Родные степи» (1980);В. Пусурмановтың «Прощай, красавица» (1981); М. Үбікеевтің «Провинциялық роман» - Гуля («Қырғызфильм»,1981); Э. Ешмухамедовтың «Қысқы тұмандар уақыты» («Тәжікфильм», 1982); Г. Базаровтың «Бөтеннің бесі» - мұғалім Нәсиба Кәрімқызы («Өзбекфильм», 1981); Б. Шәмшиевтің «Қасқырдың апаны» - Мариям («Қырғызфильм», 1982); Д. Соданбектің «Гибель во имя рождения» (1987); Б. Радждың «Нокдаун» («Қырғызфильм», 1987); С. Нарымбетовтың «Зять из провинции» («Қазақфильм», 1987); М. Үбікеевтың ; «Той» («Қырғызфильм», 1988); М. Ага-Мирзаевтың «Бәріміз де шамалы атпыз» («Өзбекфильм», 1989); Б. Омаровтың «Восточный коридор или рэкет по...» («Өркен фильм», 1991); Ж. Серікбаевтың «Өмір - Әйел» («Фортуна-фильм», 1992) фильмдері; «Перекресток» телехикасы - Мәдина Омарова (1996-2000). «Программа 24», «Қазақстан кинематографистерінің шығармашылық портреттері», «Я Вам пишу...» телебағдарла- маларының продюсері, сценарийінің авторы, жүргізушісі, толық метражды «Кімсіз, Ка мырза?» ойын фильмінің («Қазақфильм», 2009) продюсері.

«Ощущение предвкушения» («Қазақфильм») деректі фильмінің сценарий авторы және режиссері. Қазақстан Кинематографистер одағының вице-президенті (2000-2002). КСРО және Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1987 жылдан). ҚР-да кино өнімін іріктеу және шығару жөніндегі сараптамалық-өндірістік комиссияның мүшесі (2003). ҚР Спорт және туризм агенттігтері мен Халықаралық спорт ойындары шектерінде ұйымдастырылған спорт жайлы фильмдер байқауы қазылар алқасының төрайымы (2003).

Марапаттары

  • 1987 жылы КСРО Киноматографистер Одағының мүшесі
  • 2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 10 жыл" медальі
  • 2008 жылы "Құрмет" Ордені
  • 2013 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерә құрметті атағымен марапатталды.


Діни көзқарасы - «Діндар емес, бірақ ортақ жасампаз бастаудың бар екендігіне сенетін адам».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Идеалды саяси қайраткер саяси техника генийі, тәжірибесі бар, осы тәжірибені саралау үшін қажетті әмбебап санасы және оны қолдану үшін күш-қуаты бар шебер әртіс болуы тиіс». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «АІеа jacta est - Spero meliora».

Хоббиі - кітап оқу, фильмдер көру, ән айту.

Сүйіп оқитын әдебиеті - өз-өзін жетілдіру бойынша әдістемелік әдебиет.

Қызы - Нығматулина Линда; ұлдары - Эльдар, Альтаир.


<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub