Венера Камалқызы Қармысова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Венера Камалқызы Қармысова — қазақстандық опералық және концерттік-камералық әнші.
Өмірбаяны
1936 жылы 22 мамырда Алматы қаласында туған. Қазақ.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген (1960), опералық және концерттік-камералық әнші. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1960 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі.
1969 жылдан - Мемлекеттік телевизия және радиотарату комитетінің солисі.
2001 жылдан бері -Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі эстрадалық вокал бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ.).
Марапаттары
- «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған (1967).
- Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі (1981).
Отбасы
Әкесі - Қармысов Камал (1912-1991), ҚР Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Анасы - Қармысова Хақша (1915-1995), үй шаруасымен айналысқан.
Жұбайы - Мырзағалиев Ғибадулла Мырзағалиұлы (1934- 2000).
Ұлдары - Мырзағалиев Еркен (1961 ж. т.), скрипкашы, консерваторияның ұстазы; Мырзағалиев Дәурен (1967 ж. т.), философ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Жеке өмірі
Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - И. Ганди. Хоббиі - әлемдік опера жұлдыздары орындауындағы классикалық музыка, кітап оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, I. Есенберлин, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов және басқалар.
Дереккөздер