Василий Васильевич Веселов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:13, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Василий Веселов.TIF
Василий Васильевич Веселов

Василий Васильевич Веселов (17 шілде 1940, Украина, Харьков2005, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1988 ж.), профессор (1992 ж.), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2004 ж.), Украин кибернетика технология ғылым академиясының академигі (1994 ж.), Ресей жаратылыстану ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1997 ж.).

Өмірбаяны

  • Киев мемлекеттік университетін бітірген (1965 ж.).
  • Қазақстан Ғылым Академиясы Гидрогеолия және гидрофизика институтында инженер, аға инженер, кіші ғылыми қызметкер (1965–1969 ж.)
  • Қазақ геофизик тресі Іле геофизик экспедициясында бас гидрогеолог, ақпараттық-логикалық жүйелер партиясының бастығы (1969–1971 ж.)
  • Қазақстан Геология министрілігінің тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас геологы (1976–1988 ж.)
  • Қазақстан Ғылым Академиясының Гидрогеология және гидрофизик институты директорының орынбасары (1988–1990 ж.), директоры (1990–2005 ж.) қызметін атқарды.

Ғылыми еңбектері

Оның негізгі ғылыми еңбектері гидрогеогиялық объектілер мен процестердің математика және ақпараттық үлгісін жасау проблемаларына арналған. Ол гидрогеологиялық жүйелердің үлгісін жасау, басқару және үйлестіру мәселелеріне жүйелік-ақпараттық тұрғыдан келудің теориясын және қолданымдық негіздерін жасады. Бұл гидрогеологиялық объектілердің тұрақты жұмыс істейтін математикалық үлгілерін жасау мен пайдаланудың компьютерлік технологиясын, соның негізінде Оңтүстік және Солтүстік Қазақстанның, Арал және Каспий аймақтарының гидрогеолық ақпараттық жүйелерін іске асыруға мүмкіндік берді.

  • "Эколого-мелиоративные проблемы использования водных ресурсов бассейна озера Балхаш", А., 1996 ж.;
  • Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана, 2002 ж.

Марапаттары

  • Қазақстан Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлығының лауреаты (1991ж.)
  • «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер