Вальтер Флемминг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:41, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Вальтер Флемминг.jpg
Вальтер Флемминг - биология маманы

Вальтер Флемминг (Үлгі:Lang-de; 21 сәуір 1843, Заксенберг қаласы — 4 тамыз 1905, Киль қаласы) - неміс биологы, цитогенетиканы құрушы, хромосоманың ашылуы қатысатын Zellsubstanz, Kern und Zelltheilung атты кітаптің авторы.

Өмірбаяны

Вальтер Флемминг Леопольдин Заксенбург қаласында психиатрдың Флемминг, Карл Фридрих|Carl Friedrich Flemming 1799—1880 және оның екінші әйелі Огюст Винтер отбасында дүниеге келді. Ол отбасында бесінші бала және жалғыз ұл болды. Ол Шверин қаласында гимназия мектебін бітірді және сол жақта өзінің өмірлік досы Генрих Зайдельмен танысты. Флемминг 1868 жылдары Геттингенде, Тюбингенде, Берлинде медицинада білім алды және Ростокта оқуын бітірді. 1870-1871 жылдары, яғни Франция мен Пруссияның арасындағы соғыс мезетінде ол әскери дәрігер қызметін атқарды. 1873-1876 жылдары ол немістік Праждық университетте мұғалім қызметін атқарды. 1876 жылы Кенигсберг университетінде профессорлық аттан бас тартқаннан кейін өмірінің соңына дейін анатомия институтында директор қызметін атқарған Киль университетінде анатомия профессоры атына ие болды. 1879 жылы Леопольдин академиясының мүшесі атанады. Флеммингтің жолдастары оны мейірімді, өмір сүйгіш және мінезінің жұмсақтық қасиетімен студенттер арасында атағы бар болатын деседі. Өмірінің соңында неврология саласымен байланысты аурулардан қиналып, ұстаздықтан бас тартуға мәжбүр болады. Ол 1905 жылы Киль қаласында қаза табады.

Ғылыми ізденістері

Вальтер Флемминг - микроскопиялық цитологияның пионерлерінің бірі болды. Ол жаңа бояуларды қолдана отырып, интенсивті боялған жасушаның структурасын жасады және оны хроматин (ежелгі грек тілінен аударғанда - «түстің жарқырауы»). деп атады. Ол кейінірек хроматиннің жіптәріздес структурасын анықтады және оны хромасома деп атады.( Генрих Вильгельм Вальдейердің атынан 1888 жылы басылып шықты). Сол уақыт аралығында белгиялық ғалым Эдуард ван Бенеден аналогиялық ізденістер жүргізді. Флемминг сонымен қоса жасушалардың бөлінуін және хроматиннің бөлінуі зерттей отырып, 1878 жылы бірінші рет ұсынылған митоз ұғымын қолданды <ref>Flemming, W. Zur Kenntniss der Zelle und ihrer Theilungs-Erscheinungen. In: Schriften des Naturwissenschaftlichen Vereins für Schleswig-Holstein 3 (1878), 23-27.</ref>. Ол өз еңбектерін 1882 жылы "Пионерлік жұмыста" Zellsubstanz, Kern und Zelltheilung басып шығарды.

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/> <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Сыртқы сілтемелер