Валерия Георгиевна Крымская

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:32, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Валерия Георгиевна Крымская - 1942 жылы 27 ақпанда РКФСР-дің Курган қаласында туған. Орыс. Әкесі - Крымский Георгий Андреевич, марқұм, азаматтық авиация пилоты болған. Анасы - Крымская Елена Алекcандровна, марқұм, Свердловск темір жолында жұмыс істеген. Свердловск театр училищесін бітірген (1967), драма театрының актері. Орыс және француз (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. 1967 жылдан - А.П. Чехов атындағы Павлодар драма театрының актері. 1969 жылдан бері - Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының актері. Келесі спектакльдерде ойнайды: А. Алексиннің «Мой брат играет на кларнете» (Алина - 10 сынып оқушысы, 1969); Б. Рацердің, В. Константиновтың «Неравный брак» (Лида - студент, 1969); И. Кычаковтың «Сквозь грозы» (Н.К. Крупская, 1969); Ф.М. Достоевскийдің «Униженные и оскорбленные» (Мавра; Әйел, 1970); Ж.Б. Мольердің «Тартюф» (До- рина, 1970); Б. Васильевтің «А зори здесь тихие...» (Рита Осянина, 1971); А. Гайдардың «Р.В.С.» (Димка, 1971); А. Володиннің «С любимыми не расставайтесь» (Ирина, 1973); А. Фадеевтің «Молодая гвардия» (Любовь Шевцова, 1974); В. Славкиннің «Взрослая дочь молодого человека» (Люся, 1979); А. Соколовтың «Общий вопрос» (Н.К. Крупская, 1980); А. Островскийдің «Женитьба Бальзаминова» (Красавина, 1981); Л. Разумовскаяның «Трое под одной крышей» (Валентина; Ана, 1987); Г. Щербакованың «Вам и нө снилось» повесі бойынша «Назначь мне свидание» (Татьяна Николаевна; Мектеп директоры, 1987); Б. Васильевтің «Завтра была война» (Искраның мамасы, 1988); Б. Пастернактың «Доктор Живаго» (Лара, 1990); Л. Соколованың «Фантазии Фарятьева» (Мама, 2006); И. Бабельдің «Закат» (Нехама, 2006) және басқа спектакльдер. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987). II дәрежелі «Достық» (2010) орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен (1988); «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен (1976) марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - В.В. Путин, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Сыбайлас жемқорлық пен бюрократизммен әрі қарайғы табысты күрес жағдайында- тұрақтану және демократия». Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин, А.П. Чехов, М. Цветаева, Б. Пастернак. Қызы - Крымская Алиса Валерьевна (1982 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub