Валерий Васильевич Тарасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Валерий Васильевич Тарасов 1950 жылы 21 қаңтарда Чуваш АКСР Канаш ауданының Напольные Котяки ауылында туған. Чуваш.


Әкесі - Василий Тарасович, партиялық-шаруашылық қызметті атқарған (1923-1998). Анасы - Тарасова Антонина Яковлевна (1923 ж. т.), зейнеткер, нан-тоқаш өнімдерінің шебері болып жұмыс істеген.

Шумерлинск №6 ПТУ (1967) 4-ші дәрежелі қызыл ағаш ұстасы мамандығы бойынша; Ленинград мемлекеттік музыка театры және кинематография институты (ЛММТКИ) филиалының театр белімшесін (Чебоксары қаласы, 1974) музыкалық комедия әртісі мамандығы бойынша; Ресей театр академиясының театртану факультетін (Мәскеу қаласы, 1984) экономист, театртанушы, театр ісінің жетекшісі мамандығы бойынша бітірген. Чуваш, қазақ және орыс тілдерін біледі. 1967 жылдан - Ленинград қаласы «Басленинградқұрылыс» тресінің 4-дәрежелі ағаш ұстасы. 1969-1970 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1970-1971 жылдары - Чебоксары қаласының Республикалық мемлекеттік қуыршақ театрының актері. 1974-1982 жылдары - Чебоксары музыкалық театрының актері. 1983 жылдан - Коми АКСР Сыктывкар қаласының Савин атындағы академиялық театры директорының орынбасары. 1984 жылдан - Кемерово облысының Ленком атындағы Прокопьевск театрының коммерциялық директоры. 1987 жылдан - Түркімен КСР Ашхабад қаласының А. Пушкин атындағы академиялық орыс драма театрының директор-басқарушысы. 1990 жылдан - М. Горький атындағы Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі. 2001 жылдан бері - Ақмола облыстық орыс драма театрының (Көкшетау қ.) директоры және көркемдік жетекшісі. Облыстық мәслихаттың 10-шы шақырылымының депутаты (1994-1999). ҚР ЮНЕСКО істері женіндегі Үкімет комиссиясының мүшесі (1997-2000). Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі (1995-2001). «Руханият» партиясы Ақмола облыстық филиалының терағасы (2004 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген енер қайраткері (1996). «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Мемлекеттік сыйлықтың және А.С. Пушкин медалінің жүлдегері (РФ, 2002); Ақмола облысы әкімінің «Құрмет» сыйлығы мен дипломының иегері (2003). Діни көзқарасы - «Православиелік христиан. Экстремистіктен басқа барлық діндерді қолдаймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Саяси қайраткердің даналығын, ұстамдылығын, оның халыққа сүйіспеншілігі мен қамқорлығын, демократияшылдығын, игілік пен әсемдік идеалдарына берілгендігін бағалаймын». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қуатты, дербес, бай мемлекет». Хоббиі - үй жанындағы шаруашылық, гүл өсіру, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, тарихи романдар. Үйленген. Жұбайы - Тарасова Елена Михайловна (1961 ж. т.), Көкшетау қаласының Облыстық драма театрының әдеби бөлім меңгерушісі. Ұлдары - Дмитрий (1983 ж. т.), Василий (1995 ж. т.); қызы - Екатерина (1986 ж. т.).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub