Валентина Борисовна Харламова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:43, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Валентина Борисовна Харламова (8 наурыз, 1911, қазіргі Ресей, Волгоград облысы Урюпинск қаласы - 30 маусым 1999, Алматы) — актриса, Қазақстанның (1951) және КСРО (1959) халық артисі.

Өмірбаяны

  • Жас кезінен көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Кәсіби сахналық қызметін 1933 жылы Горький (қазіргі Нижний Новгород) қаласындағы орыс драма театрынан бастады.
  • Бұдан кейін Йошкар-Ола (1934 - 35), Муром (1935 - 36), Ворошиловск (казіргі Ставрополь, 1936 - 37) қаласындағы Мемлекеттік академия орыс драма театрының труппасында қызмет етіп, орыс драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде бірқатар рольдерді орындады.
  • 1937 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, осындағы Орыс академия драма театры құрамында жемісті еңбек етті. Xарламова осы театр сахнасында әр алуан рольдерді ойнап театр ұжымының шығарм. жағынан қалыптасып даму жолына үлкен үлес қосты. Ол шет ел драматургия-сымен қатар қазақ қаламгерлерінің драмалары бойынша қойылған спектакльдерге де үздік актерлік шеберлігімен өз көрермендерінің ықыласына бөленді. Қарлыға, Жүзтайлақ (М.Әуезовтің "Қара қыпшақ Қобыландысы" мен "Түнгі сарынында"), Еркежан (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), т.б.-лар Xарламованың таңдаулы рольдері қатарынан орын алды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Xарламов әскери госпитальдарда өткізілген конңерттерге қатысқан.

1954 жылдан киноға түскен:

  • Любовь Петровна ("Дала қызында")
  • Ольга ("Бір түнде" 1959), т.б.


1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

Марапаттары

  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері.
  • Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1971, 1984)
  • Қазан революңиясы орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub