Бөлтірік Аусадықұлы Жақыпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:32, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөлтірік Аусадықұлы Жақыпов - 1961 жылы 29 тамызда Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Маловодное ауылында туған. Қазақ.

Хронологиясы

  • Қазақ химия-технология институтының ауыл шаруашылығы құрылысы факультетін (1984) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша;
  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • «Огни Алатау», «Жетісу», «Казахстанская правда» және т.б. газеттерде жарияланған мақалалардың авторы.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
  • 1979 жылдың қаңтарынан - Қазақ химия-технология институтының слесарь-сантехнигі, зертханашысы.
  • 1979 жылдың қазанынан - «Гигант» бақша-жидек кеңшарының шебері, жұмысшысы.
  • 1981 жылдың наурызынан - Қазақ химия-технология институтының зертханашысы,
  • 1981 жылдың тамызынан - студенті.
  • 1984 жылдың қыркүйегінен - «Гигант» кеңшары құрылыс учаскесінің шебері.
  • 1984 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан ЛКЖО Еңбекшіқазақ аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
  • 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
  • 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1988 жылдың желтоқсанынан - «Есік» агроөнеркәсіп кешені жанындағы «Есікагроөнеркәсіпқұрылыс» жедел мемлекеттік бірлестігі өндірістік-техникалық бөлімінің инженері;
  • «Есікагроөнеркәсіпқұрылыс» ЖМК-4 шебері.
  • 1991 жылдың қаңтарынан - «Достық» үгіт пойызы жетекшісінің орынбасары,
  • 1991 жылдың ақпанынан - Қазақстан ЛКЖО ОК әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жұмысшы және ауыл жастары секторының меңгерушісі.
  • 1991 жылдың наурызынан - ҚР Мемлекеттік сәулет және құрылыс комитетінің бас маманы.
  • 1991 жылдың шілдесінөн - ҚР Мемлекеттік сәулет және құрылыс комитеті Істерді атқару басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1992 жылдың желтоқсанынан - 21-ші шақырылған Есік қалалық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
  • 1993 жылдың қарашасынан - Есік округі бойынша аудандық әкімшілік басшысының өкілі.
  • 1994 жылдың шілдесінен - Евгенемаловодное селолық округінің әкімі.
  • 1996 жылдың маусымынан - «Ақжал» АҚ басқармасының төрағасы.
  • 1999 жылдың желтоқсанынан - «Қырбалтай» өндірістік кешенінің төрағасы.
  • 2003 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары м.а.,
  • 2004 жылдың қыркүйегінен - әкімнің орынбасары.
  • 2010 жылдың ақпанынан бері - Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының бастығы.
  • Алматы облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003).

Жетістіктері

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Хоббиі - кітаптар, өнер, спорт. Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Роза Қадырқызы (1965 жылы туған), балалар бақшасының меңгерушісі. Қыздары - Жақыпова Лаура, Жақыпова Алуа, Аусадықова Ақбөпе; ұлы - Аусадықов Нұрсұлтан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub