Бөке Жырғалаңұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөке Жырғалаңұлы (1844, Қытай, Алтай аймағы, Шіңгіл өзені бойы — 1899, Тибет тауы) — Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық күресіне қатысқан батыр. Моңғол-торғауыт сұлтаны Сары Уаңның қазақ ауылдарына жасаған зорлық әрекеттеріне қарсы жас кезінде-ақ қол бастаған. 1883 жылы Бөке Шонжы қаласына әкім (шаңя) болып тағайындалады. 1886 жылы Еренқабырғаға, Боғдаға барып керей, найман руларына қорған болады. Қытай-манжұр, моңғол билеушілерінен зәбір көріп ығысқан қалың ел Боғдаға қарай көшіп, Бөке батырды паналайды. Бұл жағдай Үрімжі ұлықтарының оның үстінен іс қозғауына себепші болып, 4 ай абақтыда отырады. 1887 жылы Бөке батыр қазақтарға жаңа мекен іздеп, оңтүстікке ауа көшеді. 1890 жылы Шақылық-Шаршенде Бөке батыр жасағы Үрімжі әкімшілігінің қуғынға жіберген 500 шерігіне тойтарыс береді. Соңынан қалмаған өкімет әскерлері Тибетке жетіп, ауырып қайтыс болған Бөкенің қабірін қазып, басын Үрімжі ұлығы ген. Люге әкеледі. Кейін батырдың басы Алтайдағы Шіңгіл өзені бойындағы Аралтөбе ауылының зиратына жерленеді де, денесі Тибетте қалды.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөке Жырғалаңұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}