Бөгенбай Қожекеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөгенбай Қожекеұлы (кейбір деректерде Бірқұртқаұлы) (1700, Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Торғай өзені бойы — 1759, Жайыққа құятын Шаған өзені бойы) — батыр, қолбасы. Орта жүздегі арғынның қараман атасынан. Бөгенбай арғын-қыпшақ қолын, кейін Кіші жүз қазақтары мен ноғай әскерін басқарған. Маңғыстау аймағы, Жайықтың шығыс жағалауы, Ойыл,Жем, Сағыз өзендері бойы мен Түркістан, Шу, Жетісу, Аягөз өңіріндегі, т.б. шайқастарға қатысып, қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарын, Алатау қырғыздарын жоңғар-қалмақ шабуылынан қорғауда ерлігімен танылған. Архив құжаттарында Бөгенбайдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерге де араласқаны туралы деректер келтіріледі. 1747 жылы 20 мамырда Шақшақ Жәнібек тархан мен Бөгенбай батыр Орынбор губернаторы И. Неплюевке Орта жүз жері арқылы Ресейдің тауарлы керуендері ешбір қақтығыссыз өтетіні жөнінде аманат хат жолдаған. 1748 жылы 20 маусымда Ор қамалында А. Тевкелев пен қазақтардан Жәнібек тархан, оның баласы Жауқашар, Бөгенбай батыр және тағы 6 адам арасында қазақ-орыс өзара қарым-қатынасы жөнінде құжат қабылданды. Бұл құжатта Бөгенбай батыр Жәнібек тарханның сенімді адамы әрі орынбасары ретінде “бригадир Тевкелевпен тең дәрежеде” болғаны көрсетіледі. Бөгенбай 1759 жылы жазда Маңғыстау аймағын түрікмен басқыншыларынан тазартып, жеңіске жеткен соғыста ауыр жараланып, сарбаздары найзаға салып әкеле жатқан жолында қаза табады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөгенбай Қожекеұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}