Бөгембай Үйтамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөгембай Үйтамы - 19 ғасырдағы архитектуралық ескерткіш, қазақ даласындағы мемориалдық құрылыстардың бірі. Шу өзенінің оң жағасында. Той өткелінен төмен қарай 43 км жерде. 1988 ж. Алматы архитектура және құрылыс институтының экспедициясы (жетекш. Е.Бәйтенов) зерттеген. Үйтам шикі кірпіштен салынған, тікбүрышты (8,5x5,5 м), төбесі түйетайлы. Құрылыстың көлденең қабырғалары ұзын қабырғаларынан биіктеу, орта түсы жоғары қарай үшбұрынтанып біткен, ішінен қарағанда оның әрқайсысының ортасында арқалы қуыс, жоғарғы жақтарында үшбұрышты ойық бар. Арқалы қуыс ұзын қабырғаларда да бар. Кіретін есік оңтүстік-шығыс бетінде. Ұзын арқалықты (өрлікті) ортадағы мәткелі бағана тіреп тұр. Бір басы арқалыққа, екінші басы ұзын қабырғаларға айқасқан төрт қырлы (9x11 ем) дөрекілеу өңделғен шабақ-бөренелер темір шегелермен бекітілген. Шабақтардың үстіне сырғауылдарды көлденеңінен тастап, оның үстін қайыстан жапқанға ұқсайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}