Бәби би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:55, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. «Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш алаңсыз көшіп-қонуларыңа болады»,-деп айтады. Бірақ олар Бәби бидің ауылына баруға қорқады. Өтінішіне ден қоймаған елшіге қарсы Бәби жасақ жинап, інісі Байқараны атып өлтірген башқұртты қолына беруді талап етеді, болмаса елшіні өлтіретінін айтады.

Бидің А.Гладышевке қатысты мәліметтерінде, Елизавета патшайымға Нұралы сұлтанды хан етіп сайлау туралы жазған хаттары да кездеседі<ref>Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б.</ref>.

Дереккөздер

<references/>