Бүркіттің көбеюі және жасының атаулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:31, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ұя салу

Бүркіт төрт жасынан бастап Ұя сала бастайды, денесі толып жыныстықжағынан жетіледі. Жұптасқаннан кейін аққулар сияқты тіршіліктерінің ақырына дейін бірге жүреді. Ұялайтын мекені тұрақты әрі, 2-3 шақырымдай кең алқапты алып жатады. Өз аумағына басқа ірі құстарды жуытпайды, ұсақ құстарға тимейді. Ұя салу науқаны наурыз немесе көкек айларында басталады. Биік тауларды 1000-3000 метр биіктегі жартас кенерелерінде бүркіт Ұялары кезігеді. Ұяларын таулы өлкелерде биік жартастың кенерелерінде, орманды, далалы жерлерде ағаштардың басында салады. Әрбір жүп бүркіттің 2-3 Ұясы болады. Бірақ соның біреуіне ғана жыл сайын жүмыртқалайды. Келесі жылдары қалғандарына ауысып отырады. Ұясының мөлшері ірі құсқа лайықты едәуір үлкен болып келеді. Ұя қураған бұтақ шыбықтарынан құрастырылады да аздаған шұңқыр жасалады, оның түбіне шөп-шалам жүн-жүрқа төселеді. Ұя шүңқырының тереңдігі 10-15 см, диаметрі 30-40 см болады. Бүркіт Ұясын өте таза сақтап, айналасын лас-қоқыстан тазартып, орнына арша, жусан, қурай тәрізді иісі аңқыған өсімдіктермен алмастырып отырады. Балапан қасқыр, түлкі, киік етін жеп дәніккен соң кейін өсе келе сондай аңдарға құмар болады. бұл қазақтың «балапан Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөзінің арқауына айналған. Ұяны шың-құз, тау-тас, кейде ағаш басына салады. Бүркіттің «күй ойнағы» басқа жыртқыш құстардікіндей өтеді, ерекшелігі - өте сақ құс. Олар қаңтарда шағылысып, ақпанда Ұя жөндеп, наурыздың басында не көкек айының соңын ала қоңыр дақты көмескілеу, бір не екі жүмыртқа табады. Жұмыртқаның ұзындығы 70-80 мм, көлденеңі 56-60 мм. Оны сарша меғі Ұябасары кезектесіп 40-45 күн басады. Балапанын күніне 1-2 мәрте жемдейді. Алғашқы бір аптада балапанды құсығымен қоректендіреді де, одан кейін етжемге ауысады. бұл кезде балапан <<ащ үрпек>> болады. Бүркіт балапанын жердің ыңғайына байланысты 60-75 күн баулиды. Күн санап қауырсыны өсіп қатайып, «қылышы» айқасқан соң ұшуға талпынады. Алғаш үшқан балапанын бүркіттер қанатымен демеп, сүйемелдеп үшуға үйретеді. Әлбетте, алғаш Ұядан көтерілгенде желді күнді таңдайды. Алғашқы 4 -5 жүмада Ұядан алыстамай төңіректеп жүреді. Балапан өз бетімен үша алса да, ата-енесі әлі де болса оларды қорғап жем әкеліп береді. Онан кейін біртіндеп аң аулауға баулиды. Осылайша қанаттары әбден қатайып өз бетімен күн көретін жағдайға жеткенде өзінше тіршілік құруға кетеді. Тұйғын, жағалтай, Ұяларын көбіне биік өскен ағаштың діңіне таяу жерге салады, ішіне өзінің төс мамығын төсейді, жүмыртқасы көбіне екеу-үшеу болып келеді. Сұңқар, лашын Ұяларын жартасқа, ал басқа ұсақ құстар биік талдың басына салады. Ителгі Ұясын тасаға, көзден қалтарыс жерге салады немесе басқа құстың Ұясын тартып алады. Шөлді жерде ителгі Ұясын сексеуілдің бүтағына немесе биікжарқабақтарға салады.

Бүркіттің жасы

Қазір ғылымда бүркіт 120, сұңқар 150 жыл жасайды деген есеп бар. Дегенмен қазақтар арасында қыран бүркіттің 30-41 жыл бойы түлекте отырғаны туралы ауызша мәлімет бар. Бүркіт жұп жұмыртқа салса, балапанның ұядан кішірегін алу дүрыс дейді көнекөз құсбегі қариялар. Ол кенжесі болғандықтан өсе келе ең үлкені, толымдысы болып шығады. Ал, жалқы балапан кесек келеді, әрі қыраы болып ержетеді дейді кәнігі құсбегілер. Ұрғашы балапанның мойыны жіңішке, еркегі кесектеу болғанымен өсе келе керісінше болады. Жұмыртқадан шыққан, өн бойында тақырлау келген ақ мамығы болса, акүрпек, жұқа, былқылдақ қауырсыны шыққан кезін темірқанат, өң-түстері қоңыр ала түске еніп қарақошқылдана бастаған кезін қара-қанат деп атайды. Ж.Бабалықұлы мен А.Тұрдыбаев еңбектері бойынша құстың аталығы ұрғашысына қарағанда денесі кішірек, салмағы жеңіл болатындықтан оны шәулі, ал бүркітте сарша деп атайды. Құстың ұрғашысы — ұябасар, бүркіттің ұрғашысы алғыр келетіндіктен қыран деп аталады. Бүркіттің жасына қарай атаулар жергілікті жерде таралған тұқымы мен құсбегілік дәстүрге, экологиялық факторларға байланысты әрқалай. Құсбегілік дәстүрін әлі де бекем ұстанып, әлемге паш етіп отырған шығыстағы қазақтар мен шетелдегі қазақтар арасында бүркіт жасына байланысты мынадай атаулар кең таралған нұсқа ретінде айтылады:

  • бүркіттің 1 жастағысы - балапан,
  • 2 жастағысы - тірнек,
  • 3 жаста -тастүлек (қантүбіт),
  • 4 жаста - ана (Ұя салатындығына байланысты),
  • 5 жаста - мүзбалақ,
  • 7 жас - қана (құмтүлек),
  • 10 жас - барын (кәрі түлек),
  • 11 жас - баршын (ақ түлек),
  • 12 жас - шөгел (ақыр түлек).

Атаудан байқалатыны құстың өсім қабілеті мен түлеген соң қауырсындарының өң-түсінің өзгеруіне байланысты екендігі байқалып тұр. Бір мүшелге жеткен соң құс баршындап, қимылы баяулап, қайраты қайтып, кәрі шөгелге айналады деп түйген. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде бүркіттің 6 жастағысын көктүбіт немесе бозым, 8 жастағы бүркітті құмтүлек, 9 жаста оба, он жасқа толғанын жала атайтындығы құсбегілікке қатысты еңбектерде айтылады. Ең шеткі, ең соңғы екі құйрығын тастайтын алтыға толған түз бүркітін "Бозым болып қалған екен, үйретуге жарай ма?"— деп күдікпен қарайды, яғни бүркітті алты жасқа дейін қолға түсіру дұрыс екендігін айғақтайды. Тоғызға толған соң оба деп атайды, дем алып ұшатын болады, екпіні кемиді. Оба атауымен 3 жыл жүреді де, 12-ге толғанда қутүлек аталады. Өзгерісі шамалы болғанымен, 3 жыл осылай аталады да, 15 жаста сүмтүлек болып, күш-қуаты кеміп, ықтай қонады. Сүмтүлекте 5 жыл жүрген соң 20-ға толғанда мола аталады. Өйткені жігері кеміп, молаға ықтағыш, жаурауық болып, өз күнін өзі әрең көреді. Бүркіт қартайған кезде еріншек, ұсақ аңдарды таңдағыш, «тышқаншыл» болып кетеді. Алжып, қайраты таусылған бүркіт биіктеу жартасты, құзға барып өзін-өзі төменге тастап, биіктен құлап өледі деген аңызды тау заңғарына өрмелейтін жандар дәлелдейді. Шынымен-ақ, биік құздарда бүркіт өлігін жиі кездестіруге болады. Жартқыш құстар бір жылда бір мәрте түлейді. Көктемде басталған түлек қара күзде аяқталады. Құсбегілер бүркітті сынап, жасын анықтағанда түлек қауырсындарына қарап мөлшерлейді. Ал, қаршыға тектестерде құйрық бедеріне қарап, бір түлек, екі түлек деп санайды. Себебі қаршыға тектестердің құйрық қауырсындарында бес жолақ қара түсті көлденең дақ болады. Бір түлекте бір жолақ жіңішкеріп отырады, яғни көмескіленеді. Бүркіттер жас кезінде ала болады да, есейе келе, әсіресе 7-8 жасқа келгенде ол дақтарынан арыла бастайды. Осылайша есейген бүркіт бірыңғай қара түске енеді, ақ дақтары мүлде жоғалады. Егер табиғи ақбас, ақиық, аққұйрық болса, онда ол өзгермейді.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}