Бүркітті жаба тоқып ұстау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:31, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бүркітті жаба тоқып ұстау - құсты ой өңірде қолға түсіру тәсілі. Ол үшін міндетті тұрде обақан тұрғызады. Обақан дегеніміз - биік төбеге құс орнығып отыратындай етіп, ағаш, сексеуіл томарларынан тұрғызған тұғыр. Оны көбіне күзге қарай жасайды. Күзге қарай балапандардың жетіліп, көздері қырағы тартқан кезінде обақандардың ең көп қонатын біреуінің жанынан жаба құрады. Жаба дегеніміз үлкендігі киіз үй шаңырағындай, пішіні де соған ұқсас талдан тоқылған шарбақ шатырша. Жабаны тиекті қазыққа тіреп немесе әлсіз талдармен тіреп қояды да, ішіне қазыққа байланған қоян өлексесін тастайды. Табиғатында қара жерді баса бермейтін қыран құс обақанға келіп қонған кезде жартылай ашық тұрған жаба ішіне кіріп, қоянды бас салған кезде жабаның қазықтағы тиегі ағытылып кетіп, құсты басып қалады. Аушы құстарды ұстаудың бұл тәсілін құмды, жазықты өңірдің құбсегілері жиі қолданады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}